"Манчестер Сити" АПЛ рекордын жаңартты

30 желтоқсан 2021 07:08
©Global Look Press

"Манчестер Сити" Англия чемпионатының рекордын жаңартты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

АПЛ-дің 20-турында "Брентфордқа" қонаққа барған Пеп Гвардиола шәкірттері 0:1 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз голдың авторы Фил Фоден. Осылайша, "қалалықтар" 2021 жылы ішкі біріншіліктегі 36 ойында қарсыластарынан басым түсіп отыр. Осының алдында "Манчестер Сити" 19-турда "Лестермен ойнап", 6:3 нәтижесін тіркеген. 

Осыған дейін 1982 жылы "Ливерпуль" 33 матчта жеңіске жеткен.

Сонымен қатар, "Манчестер Сити" Англия чемпионатында қатарынан 10 кездесуде сүреңсіз ойнап, 30 ұпай еншіледі.

Турнир кестесінде "Сити" 50 ұпаймен жеке-дара көш бастап тұрғанын айта кеткен жөн.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар