"Манчестер Сити" Англия чемпионатында бірінші орынды қайтарып алды

© Sportbox

Өз алаңында "Брайтонды" ұтқан "Манчестер Сити" АПЛ-дің турнир кестесінде қайтадан көш басына шықты, деп хабаралйды Vesti.kz.

"Эитхад" стадионында өткен ойында есеп тек екінші таймда ашылды - Рияд Марез (53-минут). 66-минутта Фил Фоден есепті арттырды, ал 85-минутта Бернарду Силва есепті 3:0-ге дейін жеткізді.

Бұл жеңіс арқасында "Ман Сити" 77 ұпай жинап, Англия чемпионатының турнир кестесінде қайтадан бірінші орынға шықты. Екінші "Ливерпуль" (76).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport