"Манчестер Сити" алғашқы ойында жеңіске жетті

©mancity

Чемпиондар Лигасының алғашқы жартылай финалдық матчында "Манчестер Сити" өз алаңында "Реалды" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Этихад" стадионына жиналған жанкүйер жеті голдың куәсі болды. Оның ішінде алаң иелері төрт рет ерекшеленсе, қонақтар үш гол салды. Есеп 4:3.

Ағылшын клубы сапында Кевин Де Брейне (2-минут), Габриэл Жезус (11-минут), Фил Фоден (53-минут) және Бернарду Силва (74-минут) көзге түсті.

Ал "корольдік" клубтан Винисиус Жуниор (55-минут) мен Карим Бензема (33, 82-минут) гол соқты.

Енді қарымта ойын мамыр айының 4 күні әйгілі "Сантьяго Бернабеуде" өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар