Англиялық "Манчестер Сити" УЕФА суперкубогі үшін матчте испаниялық "Севильяны" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Грекияның Пирей қаласында өткен кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Алдымен "Севилья" ойыншысы Юссеф Эн-Несири 25-минутта есеп ашты, ал 63-минтутта Коул Палмер есепті теңестірді.
Осыдан кейін пенальти сериясында англиялық команда басым түсті - 5:4.
Осылайша, "Манчестер Сити" өз тарихында алғаш рет УЕФА суперкубогін жеңіп алды. Ал өткен жылы англиялық команда Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған еді.