"Манчестер Сити" аргентиналық жартылай қорғаушы Энцо Фернандестің лондондық "Челсиден" ауысқанын ресми жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
25 жастағы әлем чемпионы "қалалықтармен" бес жылдық келісімшартқа отырды. Фернандес медициналық тексеруден өтіп, клуб кеңсесінде жаңа ойыншы ретінде таныстырылды.
АПЛ-дегі трансферлік рекорд қайталандыЖурналист Дэвид Орнштейннің мәліметінше, трансфер құны 145 миллион еуродан асты. Осылайша бұл мәміле Англия премьер-лигасындағы (АПЛ) трансферлік рекордты қайталады.
Бұған дейін "Ливерпуль" шведциялық шабуылшы Александер Исакты "Ньюкаслдан" дәл осындай сомаға сатып алған болатын.
Transfermarkt порталының мәліметінше, Фернандес тарихта трансфер құны 100 миллион еуродан екі рет асқан алғашқы футболшы атанды.
2023 жылдың қаңтарында ол португалиялық "Бенфикадан" "Челсиге" 121 миллион еуроға ауысқан еді. Бұл сома сол кезде АПЛ тарихындағы трансфер рекорды болған.
"Манчестер Ситидің" ең қымбат трансферіСонымен қатар Фернандестің трансфері "Манчестер Сити" тарихындағы ең қымбат келісімге айналды.
Бұған дейін "қалалықтардың" тарихындағы ең қымбат трансфер Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Эллиот Андерсонның "Ноттингем Форесттен" ауысуы еді. Ағылшын футболшысы осы жазда 135 миллион еуроға сатып алынған болатын.
Бұл рейтингте үшінші орында 2021 жылдың жазында "Астон Вилладан" 117,5 миллион еуроға ауысқан Джек Грилиш тұр.
Энцоның статистикасы мен жетістіктеріФернандес 2023 жылдың қаңтарынан бері "Челси" сапында өнер көрсетті. Осы уақыт аралығында аргентиналық футболшы барлық турнирде 170 матч өткізіп, 31 гол соғып, 30 нәтижелі пас берген. "Челси" құрамында ол Конференциялар лигасы мен клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды.
Сонымен қатар Фернандес Аргентина құрамасы сапында сегіз гол соққан. Ұлттық командамен бірге ол 2022 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жетіп, 2026 жылғы әлем чемпионатының финалына дейін жетті.