Ал "Алтынорду" ойыншыларының трансферіне әлі баға белгілемеді, клуб келісімшарттың өздеріне де, футболшыға да ұтымды болуын қарастыруда.
Қаңтарда Тагирге АПЛ-дегі "Норвич" және түркиялық "Фенербахче" мен "Галатасарай" да қызығушылық танытқан. Ал қазір АПЛ клубтарымен қоса, ойыншыға германиялық командалар да көз тігіп отыр.
16 жастағы Тагир ересектер арасында алғашқы маусымын ойнауда. "Алтынорду" сапында ол екінші лигада 16 матч өткіді. 2019 жылы қорғаушы Түркияның жастар құрамасында өнер көрсетіп, Еуро-2021 іріктеунде екі матчте ойнады.
Тагир Жамбыл облысында туған. 2010 жылы жеті жасында оның отбасы тарихи отанына көшті.
Тагир мен "Алтынорду" арасындағы келісімшарт 2022 жылға дейін есептелген, ал Transfermakt оның трансферін 700 тмың еуроға бағалап отыр.