Футбол
23 маусым 10:01

"Ман Сити" клубтар арасындағы Әлем чемпионатында 6:0 есебімен жеңіске жетті

©x.com/ManCity

Ағылшындық «Манчестер Сити» клубы АҚШ-та өтіп жатқан Клубтар арасындағы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші турда БАӘ-нің «Аль-Айн» командасын ойсырата жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын Атлантада өтіп, есеп 6:0 болып аяқталды.

«Сити» сапындағы гол авторлары:

Илкай Гюндоган — 8-ші және 73-ші минуттарда,
Клаудио Эчеверри — 27-ші минутта,
Эрлинг Холанд — 45+5-ші минутта (пенальтиден),
Оскар Бобб — 84-ші минутта,
Райан Шерки — 89-шы минутта.

Райан Шерки мен Клаудио Эчеверри клуб сапындағы алғашқы голдарын соқты. 

Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдуқодир Хусанов матчты «Манчестер Сити» негізгі құрамында бастап, 61-ші минутта ауыстырылды.

Бұл жеңіс «Сити» үшін турнирдегі екінші, ал «Аль-Айн» үшін екінші жеңіліс болды. Хосеп Гвардиола командасы плей-оффқа бірден жолдама алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport