1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Бүгін 09:16
 

"Ман Сити" жартылай финалда жеңіске жетті, ал Хусанов матчтің үздік ойнышысы атанды

  Пікірлер

blog.share

"Ман Сити" жартылай финалда жеңіске жетті, ал Хусанов матчтің үздік ойнышысы атанды © "Манчестер Сити" ФК

"Манчестер Сити" Англия лигасы кубогінің жартылай финалдық матчында "Ньюкаслды" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

"Манчестер Сити" Англия лигасы кубогінің жартылай финалдық матчында "Ньюкаслды" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу "Сент-Джеймс Парк" стадионында (Ньюкасл-апон-Тайн) өтті және қонақтардың жеңісімен аяқталды - 2:0. Жеңімпаздар құрамында голдарды Антуан Семеньо (53-минут) мен Райан Шерки (90+9) соқты.

Айта кетейік, Семеньо "Борнмуттан" ауысқаннан кейін екінші матч қатарынан гол соғып отыр. Бұған дейін "қалалықтардың" жаңа ойыншысы Англия Кубогіндегі "Эксетерге" қарсы дебюттік ойында (10:1) мергендік танытқан болатын.

Қоса кетейік, "Манчестер Ситидің" негізгі құрамында Абдукодир Хусанов алаңға шықты - өзбекстандық қорғаушы бүкіл матчты толық өткізді.

Өзбекстан құрамасының футболшысы бұл ойыны үшін 7,6 балл алды, бұл Flashscore.com порталы бойынша алғашқы минуттардан бастап алаңға шыққан ойыншылар арасындағы ең жоғары баға болды.

Енді "Сити" мен "Ньюкасл" арасындағы екінші жартылай финал матчі 4 ақпанда өтеді. Ойын Манчестердегі "Этихад" стадионында болады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!