1XBET - ставки на спорт

Жарнама

Футбол
Кеше 09:38
 

"Ман Сити" АПЛ-дегі сенсациядан кейін чемпион атану мүмкіндігінен айырылды

  Пікірлер

blog.share

"Ман Сити" АПЛ-дегі сенсациядан кейін чемпион атану мүмкіндігінен айырылды ©Depositphotos/operations@newsimages.co.uk

"Борнмут" өз алаңында "Манчестер Ситиден" ұпай тартып алып, "қалалықтарды" Англия чемпионы атану мүмкіндігінен айырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

"Борнмут" өз алаңында "Манчестер Ситиден" ұпай тартып алып, "қалалықтарды" Англия чемпионы атану мүмкіндігінен айырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Англия премьер-лигасының 37-турындағы кездесу Борнмут қаласында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.

Есепті алғаш болып алаң иелері ашты. 39-минутта Эли Жуниор Крупи мергендігімен көзге түсті.

"Манчестер Сити" матч соңында ғана таразы басын теңестіре алды. 90+5-минутта норвегиялық шабуылшы Эрлинг Холанд гол соқты.

Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдуқодир Хусанов "Ситидің" негізгі құрамында алаңға шығып, матчты толық өткізді.

Осы нәтижеден кейін Манчестер Сити 78 ұпаймен турнирлік кестеде екінші орында қалды. Команданың "Арсенал" клубынан арадағы айырмашылық төрт ұпайды құрайды. Маусым аяқталуына бір тур қалғанда бұл нәтиже Хосеп Гвардиола командасын математикалық тұрғыда чемпиондық мүмкіндіктен айырды.

Ал "Борнмут" 56 ұпаймен алтыншы орынға көтерілді.

24 мамыр күні өтетін соңғы, 38-турда "Манчестер Сити" өз алаңында "Астон Вилла" клубымен ойнайды.

Ал "Борнмут" сырт алаңда "Ноттингем Форест" командасымен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!