1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Кеше 12:35
 

"Ман Сити" АПЛ-дегі ең қымбат қорғаушыдан айырылып қалды

  Пікірлер

blog.share

"Ман Сити" АПЛ-дегі ең қымбат қорғаушыдан айырылып қалды ©

Англиялық "Манчестер Сити" клубы негізгі қорғаушы Йошко Гвардиолдың денсаулығына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Англиялық "Манчестер Сити" клубы негізгі қорғаушы Йошко Гвардиолдың денсаулығына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қалалықтардың" баспасөз қызметінің хабарлауынша, хорват футболшысы оң аяғының жіліншік сүйегінің шытынатып алыпты. Қорғаушы АПЛ-дің 20-турында "Челсиге" қарсы өткен матчтың (1:1) екінші таймында жарақаттанды.

"Қорғаушыға осы аптада операция жасалады, ал қалпына келу мерзімі қосымша тексерістен кейін белгілі болады. Клубтағы барлығы Йошкоға тезірек сауығып кетуін тілейді", - делінген клуб мәлімдемесінде.

Алдын ала мәлімет бойынша, Гвардиолдың оңалу кезеңі үш айдан алты айға дейін созылуы мүмкін.


23 жастағы Йошко Гвардиол 2023 жылдың жазында "РБ Лейпцигтен" "Манчестер Ситиге" 90 миллион еуроға ауысқан. Оның "қалалықтармен" келісімшарты 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Биылғы маусымда хорватиялық қорғаушы 23 матч өткізіп, екі гол соғып, бес нәтижелі пас берген. Transfermarkt порталы Гвардиолдың нарықтағы құнын 70 миллион еуроға бағалап отыр - бұл оны АПЛ-дегі ең қымбат қорғаушы етеді.
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!