Маман ұнамайды, ал жақсысына ақша жоқ. "Жетісу" бас бапкерге қатысты бір шешім шығармақ

Сурет: "Жетісу" ФК

Жуырда талдықорғандық "Жетісудың" бас бапкері Ринат Әлеуетовтің клубта қалу-қалмау мәселесі шешіледі, деп хабарлайды "Тень отца Гурмана" телеграм арнасы. 

"Бейсенбіге дейін "Жетісудың" бапкері Ринат Әлеуетовтің талдықорғандық клубтағы тағдыры шешіледі. Облыстық спорт басқармасында жетісулықтардың нәтижесіне (бір ұпай және турнир кестеінде ең соңғы орын) және команданың ойнына көңілі толмай отыр. 

Алайда дәл қазір клуб басшылығында Әлеуетовтің орнын басатын үміткер жоқ. Бұл клубтың өте төмен еңбекақысына байланысты болып отыр", - деп жазады мәлімет көзі.

Тоғыз тур қорытындысы бойынша талдықорғандық команда турнир кестесінде бір ұпаймен ең соңғы келеді.