Үшінші іріктеу турының екінші ойынында астаналық клуб мальталық "Валлеттаны" 5:1 есебімен ойсырата жеңді.
Осылайша, "Астана" өз тарихында екінші рет Еуропа Лигасында төрт гол айырмашылығымен жеңіске жетіп отыр. Бірінші рет астаналықтар 2017 жылы қазанда Тель-Авивитің "Маккаби" командасын топтық раундта 4:0 есебімен ұтқан.
Айта кетейік, Чемпиондар Лигасында "Астана" бес маусымда бір рет те үлкен есеппен ұтқан емес, бірақ, екі рет өз алаңында төрт голдан салды: 2015 жылы финляндиялық ХИК қақпасына - 4:3, 2017 жылы "Селтикке" - 4:3.
Қазақстандық командалар арасындағы еурокубоктардағы ең ірі жеңіс рекорды "Қайратта", 2018 жылы алматылық клуб Еуропа Лигасының бірінші раундында андоралық "Энгордань" командасын 7:1 есебімен ұтқан.