"Мақтааралдың" өз алаңындағы ойындарын қай стадионда өткізетіні белгілі болды

©"Мақтаарал" ФК

"Мақтаарал" футбол клубы өз алаңындағы ойындарын "Түркістан Аренада" өткізетінін мәлімдеді.

Атакентте орналасқан Алпамыс батыр атындағы стадион ҚФФ талаптарына сай болмай шықты. Жақын арада арена күрделі жөндеуден өтеді деп күтілуде.

"Мақтаарал" өз алаңындағы алғашқы ойынын 11 наурыз күні "Қайратқа" қарсы өткізеді.

Естеріңізде болса, атакенттік клуб Премьер-лигадағы дебюттік матчында "Ордабасымен" тең (1:1) ойнаған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport