"Мақтааралдың" қақпашысы командадан кеткенін мәлімдеді

©instagram.com/almat_bekbayev/

"Мақтаарал" командасының қақпашысы Алмат Бекбаев командадан кеткенін мәлімдеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Достар, бүгіннен бастап мен "Мақтаарал" футболшысы емеспін! Бұл қысқа әрі сәтсіз тәжірибе болды. Бірақ осылай болу керек еді. Барлығыңызға рақмет", - деп жазды қақпашы Instagram парақшасында. 

Бекбаев "Мақтаарал" командасына биыл маусымның басында қосылды. Ол ҚПЛ-де осы маусымда үш кездесу өткізді. 

Айта кетейік, осыған дейін 37 жастағы Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы "Ордабасы", "Қайсар", "Ақжайық", "Ақтөбе", "Ертіс", "Жетісу" және "Қызыл-Жар" командаларының намысын қорғаған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар