"Мақтаарал" клубының спорт директоры ауысты

©"Атырау" ФК

34 жастағы Сейсенбеков Бауыржан атакенттік "Мақтаарал" футбол клубының спорт директоры болып  тағайындалды, деп хабарлайды команданың бапасөз қызметі. 

Бауыржан Азаматұлы футболшы болып "Евразия", "Астана", "Рахат", "Оқжетпес" командаларында өнер көрсеткен. Осы аралықта Бауыржан Азаматұлы:
- Қазақстан Премьер Лигасының чемпионы
- Бірінші Лиганың жеңімпазы
- Екінші Лиганың қола жүлдегері атанған!
- U-17 және U-19 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасында ойнаған.

2013 жылы өзінің қызметтегі жолын Қазақстан футбол федерациясының маманы болып бастаған.
2015 жылы Қазақстан футбол федерациясының бас маманы қызметіне тағайындалған.
2016 жылы Қазақстан кәсіпқой лигасының бас маманы болған.
2019 жылдан Қазақстан кәсіпқой лигасының спорттық бөлімнің орынбасары болып қызмет атқарып келді.

Айта кетейік, Сейсенбеков бұған дейін "Атырау" футбол клубында спорт директоры қызметінде істеп көрген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport