Футбол
28 қазан 12:39
 

Максим Самородов 13-турдағы үздік футболшылар құрамына енді

  Пікірлер

blog.share

Максим Самородов 13-турдағы үздік футболшылар құрамына енді © "Ахмат" ФК

Грозныйдың «Ахмат» клубында өнер көрсететін қазақстандық шабуылшы Максим Самородов Ресей Премьер-лигасының (РПЛ) 13-турының символикалық құрамына енді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Грозныйдың «Ахмат» клубында өнер көрсететін қазақстандық шабуылшы Максим Самородов Ресей Премьер-лигасының (РПЛ) 13-турының символикалық құрамына енді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кеше командасымен бірге «Сочиге» қарсы матчқа қатысып, ойын 4:2 есебімен қарсыластардың пайдасына аяқталды.

Самородов алаңға үзілістен кейін шыққан бойда, 59-минутта есепті 1:2-ге жеткізсе, 92-минутта дубль жасап, тағы бір есеп айырмасын қысқартты. Нәтиже клуб үшін сәтсіз болса да, қазақстандық футболшының ойыны Станислав Черчесов командасының ең жарқын тұсы болды.

Матч соңында екі команда ойыншылары арасында жаппай қақтығыс орын алып, оған Самородов та қатысқан.

РПЛ-дың 13-турының символикалық құрамы:

Қақпашы: Курбан Расулов («Динамо» М)

Қорғаушылар: Густаво Мантуан («Зенит»), Матвей Лукин (ЦСКА), Сесар Монтес («Локомотив»), Илья Вахания («Ростов»)

Жартылай қорғаушылар: Максим Самородов («Ахмат»), Алексей Батраков («Локомотив»), Михаил Игнатов («Сочи»), Виктор Са («Краснодар»)

Шабуылшылар: Максим Глушенков («Зенит»), Манфред Угальде («Спартак»)

Бас бапкер: Игорь Осинькин («Сочи»)

Айта кетейтік, Максим Самородов осы маусымдағы РПЛ-де алғаш рет дубль жасады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!