Максим Федин "Ақтөбеден" кететін болды. Агенттер оған жаңа клуб іздестіруде

6 желтоқсан 2021 19:39
©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Федин "Ақтөбеден" кететін болды. Тіпті ол жаңа маусымға дайындықты бастайтын командасын да анықтап қойған. 

Vesti.kz тілшісіне белгілі болғандай, жаңа маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындарын Федин павлодарлық "Ақсу" командасы сапында бастайды. Бірақ оның командада қалу-қалмауы белгісіз болып тұр. Агенттер оған басқа да клубтан жұмыс іздестіруде. 

Еске салайық, 25 жастағы Федин өткен маусымды "Ақтөбе" сапында өткізіп, Қазақстан біріншілігінде 24 кездесуде екі гол соқты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: