Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Федин "Ақтөбеден" кететін болды. Тіпті ол жаңа маусымға дайындықты бастайтын командасын да анықтап қойған.
Vesti.kz тілшісіне белгілі болғандай, жаңа маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындарын Федин павлодарлық "Ақсу" командасы сапында бастайды. Бірақ оның командада қалу-қалмауы белгісіз болып тұр. Агенттер оған басқа да клубтан жұмыс іздестіруде.
Еске салайық, 25 жастағы Федин өткен маусымды "Ақтөбе" сапында өткізіп, Қазақстан біріншілігінде 24 кездесуде екі гол соқты.