Магомед Адиев Ұлттар лигасындағы алғашқы кездесуі туралы ойын ашық айтты

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев құраманың Ұлттар лигасындағы Әзірбайжанға қарсы дайындығы қандай екенін айтып берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл ресейлік маман үшін Қазақстан құрамасының бас бапкері ретінде өткізетін бірінші кездесуі болады. 

"Мықты қарсылас. Дегенмен біз Әзірбайжаннан осал емеспіз. Қарсыластың қандай футбол ойнайтынын да білеміз. Бірақ нақты ертең олар қандай ойын көрсететіні белгісіз болып тұр. Матч әрине оңай болмайды. Біз бірақ өз алаңымызда ойнаймыз. Сондықтан жанкүйерлер жақсылап қолдау білдіреді деп сенемін. 

Біздің құрамада резерв жоқ. Мен футболшыларды негізгі және қосалқы деп бөлмеймін. Барлық 24 футболшыға бірдей қараймын. 10 күннің ішінде 4 ойын болады. Біз үшін бұл да оңай емес. Сондықтан осы он күнге күшімізді жіктеу керекпіз. 

Ертеңгі ойынмен қатар біз алдағы ойынды да назардан шығармаймыз. 6 маусым күні Словакияға қарсы матч. Ұзақ жол жүреміз. Сол үшін күшті тепе-тең етіп сақтауға тырысамыз", - деді бапкер. 

Еске салайық, Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы кездесу 3 маусым күні "Астана-Арена" стадионында өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport