Магомед Адиев Словкияға қарсы матч туралы пікір білдірді
Ұлттар лигасы Словакия мен Қазақстан құрамалары арасындағы кездесу алдында бүгін, 5 маусым күні құраманың бас бапкері Магомед Адиев баспасөз жиынын өткізіп, тілшілердің сұрақтарына жауап берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Ұлттар лигасы Словакия мен Қазақстан құрамалары арасындағы кездесу алдында бүгін, 5 маусым күні құраманың бас бапкері Магомед Адиев баспасөз жиынын өткізіп, тілшілердің сұрақтарына жауап берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
- Алдымен Словакия мен Беларусь құрамалары арасындағы кездесу туралы айтып өтсеңіз. Сонымен қатар, Словакия құрамасы туралы ойыңызды білдірсеңіз.
- Бұл ойынды көрдім. Словакия құрамасы ойын бойы жүйелі шабуыл жасады. Сондай-ақ, Словакияның стандарты мықты. Көп шабуылдап, жеңіске жетті. Бірақ Беларусь құрамасының соңғы минуттарда есепті теңестіретін тамаша мүмкіндігі болған еді.
Ал Словакия құрамасы туралы айтатын болсақ, біздің топтың басты фовариті. Сіздерде жоғары деңгейде ойнайтын футболшыларыңыз көп. Мысалы, Лоботька, Шкриньяр. Вайсты да жақсы білемін. Шабуылды жақсы бастайды. Бір ауызбен айтқанда, мықты құрама.
Бірақ, біз ертең өз еліміздің намысын үшін ойнаймыз. Жақсы нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз.
- Құрама 7 сағат жол жүріп келді. Футболшылар өз-өзіне келіп үлгерді ме?
- Иә, біз шынында ұзақ жол жүрдік. Футболшылар аздап шаршады. Бірақ, кеше толық демалдық. Өз-өздеріне келдік. Біз футболшыларды мұқият бақылап отырамыз. Сол үшін ертеңгі кездесуде біршама өзгерістер болады.
Жарнама