Футбол
15 қыркүйек 2022 23:34

Магомед Адиев ресейлік клубтан келген ұсыныстар жайлы айтты

©ҚФФ

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев ресейлік клубтан түскен ұснысқа қатысты жауап берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Мұндай алып-қашпа әңгімелер осыдан бір ай бұрын да болған. Менімен "Ахмат" клубы байланысқа шықты ма дейсіз бе? Бұл туралы ешнәрсе айтқым келмейді. Себебі қазір менің басты мақсатым Қазақстан ұлттық құрамасымен бірге Ұлттар лигасындағы екі матчқа дайындалу. Мұны тек мен емес, барша қазақ халқы күтіп отыр. Қандай ұсыныстар түспесін мен алдағы уақытта ұлттық құрамадағы жұмысымды жалғастырамын", - дейді Адиев Metaratings.ru сайтына берген сұхбатында.

Магомед Адиев Қазақстан құрамасын биылғы жылдың мамыр айынан бері жаттықтырып келеді. Ресейлік бапкердің келуімен "қаршығалар" Ұлттар лигасының С тобында 10 ұпаймен турнир кестесінің көшін бастап тұр. Енді 22 қыркүйекте жерлестеріміз "Астана Аренада" Беларусь ойыншыларын қабылдаса, 25 қыркүйекте Бакуде Әзірбайжан футболшыларымен кездеседі.

Екі матчта 3 ұпай еншілеген жағдайда Қазақстан құрамасы топта бірінші орын алып, плей-офф раундына жолдама алады.

Еске салайық, жуырда "Ахмат" клубының бас бапкері Андрей Талалаев қызметінен қуылған еді. Осыған орай, ресейлік басылымдар Адиевті грозныйлықтарды жаттықтыратынын жарыса жазған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport