Магомед Адиев Өзбекстан құрамасына қарсы кездесуді қорытындылады

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомедов Адиев Өзбекстан құрамасына қарсы өткен жолдастық кездесуді  қорытындылады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Еске салайық, Ташкент қаласында өткен ойын 2:0 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды.

"Ұзақ үзілістен келіп, кездесу өткіздік. Қателіктер жоқ емес. Алдағы уақытта олқылықтар орнын толтырамыз деген ниеттеміз. Келесі жылы іріктеу ойындары бастау алады. Біз соған дайындалып жатырмыз. Жолдастық матчтар өзімізді тексеруге көмектеседі. Ресми кездесу болмаған соң футболшыларды қатты жүктеудің қажеті шамалы.

Бауыржан Исламхан жайында оң пікірдемін. Оның бабын байқау мақсатында алаңға ертерек жібердім. 2 жыл доп теппеген футболшыға мүлде ұқсамайды. Оның алаңды көруі, ойынға белсене араласуы, ортадан қиып тұрып пас беруі керемет. Осылай бұрынғы қалпына келіп алады", - деді Адиев. 

Енді Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 19 қараша күні Абу-Даби қаласында БАӘ-ге қарсы өткізеді.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар