44 жастағы ресейлік маман Магомед Адиев футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалуына байланысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
ҚФФ бас бапкерді бүгін, 6 сәуір күні Футбол үйінде таныстырды. Баспасөз жиынан кейін Магомед Адиев алдағы жоспары туралы айтып берді.
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды
"Көпшілікке шабуыл жасап, жарқын ойын көрсеткен ұнайды. Бірақ мен дәл осындай тактика ұстанатын маманмын деп айта алмаймын. Дегенмен мен әр командада әр-түрлі жұмыс істедім. Өмірде де, футболда да тұрақталықтың болғанын қалаймын.
Жеңіске жету үшін шабуылдау керектігін бәрі біледі. Доп бізде кезде шабуылдап, айырылған сәтте бірде қорғанамыз. Мен футболшыларды осы қасиеттерге қарай таңдаймын. Тағы айтайын, мен тұрақтылықты ұнатамын", - деді бапкер.
Өткен жылдан бері Адиев қарағандылық "Шахтер" командасының бас бапкері болды. Бірақ сәуір айының соңында ол "кеншілермен" келісімшартын үзді. Айтуынша ол бар назарын тек ұлттық құрамаға аударады.
"Мен федерацияға өз жоспарымды айттым. Ұлттық құрамада атқарылатын жұмыс көп. Көп футболшыларды бақылау қажет. Дұрыс таңдау жасау керек. Көп ойындарды көріп, бапкерлермен ақылдасу керек екенін білемін", - деді Адиев.
Сонымен қатар маман әлі бапкерлер құрамын толық жасақтамағанын айтты. Бірақ ол Қазақстан құрамасына шақырту алуы мүмкін деген футболшылардың тізімін жасап қойған.
"Бірнеше жас футболшы бар. Олардың ойындары маған ұнайды. Алайда мен дәл қазір олардың атын айтқым келмейді. Олар Қазақстан жастар құрамасында ойнайды. Барып, ойындарын көрейін. Егер ол мен байқағандай жоғары деңгейде болса, міндетті түрде ұлттық құрамаға шақырамын. Маусымда маңызды төрт ойын бар. Сол кезде көптеген футболшылар мүмкіндік алады", - деп түйіндеді әңгімесін Адиев.
Еске салайық, Адиевке дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін Андрей Карпович атқарған еді. Бірақ ҚФФ ол маманмен келісімшартты ұзартуды жөн санамады.