Футбол
14 қараша 2022 17:31

Магомед Адиев Қазақстан құрамасына легионер футболшыларды неге шақырмағанын түсіндірді

©ҚФФ

Футболдан Қазақстанның бас бапкері Магомед Адиев құрамаға кейбір ойыншыларды неге шақырмағанын түсіндіріп берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан құрамасы 16 қараша күні Ташкент қаласында Өзбекстан, ал 19 қараша күні Абу-Даби қаласында БАӘ құрамаларына қарсы жолдастық кездесу өткізеді.

Вороговский туралы:

"Мен Вороговскиймен үнемі байланыстамын. Біз жиын алдында онымен сөйлестік. Янға өз клубындағы жауапты ойындарға көңіл бөлуі үшін ұлттық құрамада үзіліс алу қажет деген шешім қабылдадық. Себебi Бельгия чемпионатының тығыз кестесіне байланысты ол бізге ойын күні ғана келетін еді. Ал ұлттық құраманың жолдастық матчтарынан кейін Ян Бельгияға да ойын күні оралатын еді. Ол сөзсіз ұлттық құраманың негізгі үміткері. Келесі ойындарда міндетті түрде бізбен бірге болады деп сенеміз".

 Быстров туралы:

"Быстровпен де біз оқу-жаттығу жиыны алдында сөйлестік. Оның денсаулығына байланысты мәселелер бар. Ұлттық құрамадағы қосымша жаттығулар оған одан да көп қиындықтар туғызар еді. Сондықтан Маратқа ем алуға назар аударуын дұрыс деп шештік. Ол да Қазақстан құрамасына кандидат. Алдағы матчтарда ол толығымен сауығып, біздің қатарымызда болады деп үміттенеміз".

 Покатилов пен Қасым туралы:

"Стас – ұлттық құрамаға үміткерлердің бірі, ол біздің кеңейтілген тізімде. Дәл осы Әлібек Қасымға да қатысты. Мен жанкүйерлеріміздің уайымын түсінемін, бірақ мен осыған дейін айтқанымдай, ұлттық құрамаға келіп, қосалқы ойыншылар қатарында болып, оны дұрыс қабылдай алатын футболшылар бар. Сонымен қатар, егер мен шақыратын болсам, онда міндетті түрде ойын уақытын беру керек ойыншылар да бар. Қасым мен Покатиловқа алаңдағы ойын уақытын беремін деп әлі кепілдік бере алмаймын. Сондықтан бүгінгі күні оларды ұлттық командаға шақырудың қажеттілігі жоқ деп санаймын. Бұл жігіттердің қандай да бір матчтарда ойнай алатынын түсінгенде мен оларды ұлттық құрамаға шақырамын. Сонымен қатар, Қасымда мамыр айындағы жиын қорытындысы бойынша тәртібі үшін санкциялар бар. Маған ұнамайтын жағдайлар да орын алды. Оларды реттеу үшін ол мүлдем ештеңе істемеді.

Бас жаттықтырушы ретінде тізімді таңдаудағы соңғы сөз менде және ол үшін мен жауап беремін деп айтамын. Ұлттар лигасының матчтары жаттықтырушылар құрамындағы таңдау дұрыс болғанын растады", - деді маман.

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport