Ресейлік бапкер Магомед Адиев Қазақастан азаматтығын алатын ойы жоқ екенін айтты. 46 жастағы маман 2022 жылдан бері еліміздің футбол құрамасын жаттықтырып келеді, деп жазады Vesti.kz.
- Бұл мәселе белгілі бір деңгейде деп айта алмаймын, өйткені қазіргі таңда азаматтықты талқылау өзекті емес. Қазір бізге ойындарға дайындалу қажет. Менде де, Қазақстан футбол федерациясында да азаматтығыма қатысты мәселе туып тұрған жоқ. Мұндайды соңғы рет ертеректе талқылаған екенбіз, - дейді ол.
- Бірақ жоспарыңызда азаматтық алу бар ма?
- Жоқ, неге? Ол туралы ойламаймын да. Мен - өз елімнің азаматымын, Грозныйдың тумасы. Сол жерде туып-өстім, енді қарттықты да сол жерде қарсы алу керек шығармын", - деп береді Адиевтің сөзін Sport24.