Тольяттилік "Акрон" клубының шабуылшысы әрі Ресей құрамасының тарихындағы ең үздік сұрмерген Артем Дзюба алматылық "Қайраттың" өзіне қызығушылық танытқаны жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Дзюбаның Қазақстанда ойнау туралы пікірі
37 жастағы форвард Қазақстандағы алаңдардың жағдайы мен ұзақ әуе сапарлары ҚПЛ-де ойнауға қызығушылық тудырмайтынын айтты.
Ресей клубтарымен салыстыру"Иә, біраз уақыт бұрын олардың тарапынан қызығушылық болғаны рас, бірақ, мен Қазақстанды мүлде қарастырған жоқпын. Онда алаңдар ауыр, әрі ұшып-қону да қиын. Шынымды айтсам, Қазақстан маған қызық емес", - деді Дзюба Sport24 сайтына берген сұхбатында.
Сондай-ақ, ол ресейлік клубтардың қазақстандық командалардан деңгейі жоғары екенін атап өтті:
"Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы ойындарын аса бақылап жүрген жоқпын. Біздің командалар олармен салыстырғанда қандай нәтиже көрсетер еді - айту қиын, бірақ, меніңше, "Краснодар" мен "Зенит" "Қайраттан" сәл емес, әлдеқайда мықты", - деді ресейлік футболшы.
Қазіргі маусымдағы статистика
Артем Дзюба 2024 жылдың қыркүйегінде "Акрон" клубына еркін агент ретінде қосылды. Қазіргі Ресей премьер-лигасы маусымында ол 16 матч өткізіп, 5 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.