Мадридтік "Реалдың" экс-президенті коронавирустан көз жұмды

Сурет: Eurosport
Мадридтік "Реалдың" бұрынғы президенті Лоренсо Санс 76  жасында көз жұмды. Осыған байланысты испаниялық клуб ресми сайтында көңіл білдірген. 

El Pais ақпаратынша, 17 наурызда бизнесмен коронавирус жұқтырды деген күдікпен ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген болатын. Кейін диагноз расталды. 

1995 пен 2000 жылдар аралығы Санс "Реалға" жетекшілік еткен, ал 2006 мен 2010 жылдары "Малаганы" басқарды. Ол басшылық еткен уақытта мадридтік клуб өз тарихында жетінші және сегізінші рет Чемпиондар лигасында жеңіске жеткен (1998, 2000), осылайша, 32 жылдық турнирдегі жеңіссіз жылдар тізбегін үзген. Сонымен қоса, ол кезде команда Ла Лига жеңімпазы атанды (1996/97) және Құрлық аралық кубокты (1998) иеленді.

Жаңалықтар