Мадридтік "Реал" шабуылшысы Сербияда түрмеге отыруы мүмкін

Сурет: UA-Football
Мадридтік "Реал" шабуылшысы Лука Йович алты айға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін,- деп хабарлайды "Спорт-Экспресс".

22 жастағы футболшы Испаниядан Сербияға келгенде коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген карантинді бұзған екен. Форвардқа қатысты тергеу басталған. 

Биылғы маусымда Йович төрт матчте ойнады. Сербиялық футболшы "Реал" сапына 2019 жылы германиялық "Айнтрахт" клубынан ауысып келген.
Жаңалықтар