Мадридтік "Реал" президенті сайланды
Сурет: Sportbox
Флорентино Перес мадридтік "Реал" президенті қызметіне автоматты түрде өтті. Бұған себеп ол сайлауға өтініш берген жалғыз үміткер болды,- деп хабарлайды AS.
Флорентино Перес мадридтік "Реал" президенті қызметіне автоматты түрде өтті. Бұған себеп ол сайлауға өтініш берген жалғыз үміткер болды,- деп хабарлайды AS.
Осылайша, дауыс беру қажет болмады.
Менеджер мадридтік клубқа 2021 мен 2025 жылдар аралығы жетекшілік ететін болды. Ол "Реалға" 124 миллион еуро (клуб бюджетінің 15 пайызы) кіріс кепілдік еткен жалғыз адам.
Перес мадридтік клубқа кейінгі 12 жыл үздіксіз жетекшілік етіп келеді, оның алдында 2000 мен 2006 жылдар аралығын да "Реал" президенті болған.
Жарнама