Футбол
9 маусым 2020 10:03

Мадридтік "Реал" қиын жағдайда қалды

Сурет: worldfootball.net
Мадридтік "Реал" жазғы трансферлік кезеңде жаңа футболшылар алмайды, - деп хабарлайды Marca.

Мәлімет бойынша, "Реалдың" қаржылық мүмкіндігі шектеулі. Осы себепті мадридтік клуб "Аякстың" жартылай қорғаушысы Донни ван де Бектің трансферінен бас тартты.

Голландиялықтың өзі де ойыншы мадридтік клубта ойнағысы келеді екен. Оның агенті "Реалға" хабарласқан, алайда, мадридтіктер қаражатсыз қалғанын айтқан. Былтыр команда трансферге 300 миллион еуродай жұмсаған болатын. Осылайша, команда сапына Эден Азар ("Челси"), Лука Йович ("Айнтрахт"), Эдер Милитао ("Порту"), Ферлан Менди ("Лион") мен Родриго ("Сантос") қосылған болатын

Енді голландиялық хавбекті "Манчестер Юнайтед" сапына қосуы мүмкін. Англиялық клуб ол үшін 40 миллион еуро ұсынған. Биылғы маусымда 23 жастағы жартылай қорғаушы "Аякс" үшін 37 матчте он гол салып, 11 нәтижелі пас берген. Донни ван де Бектің қазіргі клубымен келісімшарты 2022 жылға дейін жасалған.