Мадридтік "Реал" қазақ суретшінің өзгеше туындысын жариялады

Сурет: vseprosport.ru

Мадридтік "Реал" Instagram-парақшасында қазақстандық суретші Қанат Нұртазиннің туындысын жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық үйеңкі жапырағының көмегімен мадридтіктердің логотипі мен команда капитаны Серхио Рамостың суретін салған. Туынды әдемі шыққан. "Бұл таңғаларлық", - деп жазылған сипаттамада.

"Реал" - Испанияның 34 дүркін чемпионы, Чемпиондар лигасында 13 мәрте топ жарған. Қазіргі уақытта команда Испания чемпионатының 28 матчынан кейін 60 ұпаймен үшінші орында тұр. Зинедин Зидан шәкірттері келесі матчын 3 сәуірде "Эйбарға" қарсы өткізеді. 

Қанат Нұртазин - елордалық суретші. Бұған дейін біз Instagram арқылы ол қалай Disney мен Nickelodeon-да жұмыс істегенін жазған едік.