Мадридтік "Реал" Испания чемпионы атанды

Сурет: FootballHD
Мадридтік "Реал" Примераның 37-ші тур матчінде "Вильярреалды" ұтып, мерзімінен бұрын Испания чемпионы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мадридте өткен кездесу 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Карим Бензема дубль жасады - 29 және 77-ші минут. Вильярреалдықтардан 83-ші минутта Висенте Иборра гол салды. 

Чемпионаттың соңғы туры алдында мадридтік клуб турнир кестесінде екінші келе жатқан "Барселонадан" алты ұпай артық жинады - 86 балл. Осылайша, "Реал" тарихта 34-ші рет чемпион болып отыр. 

Жаңалықтар