Хорватиялық жартылай қорғаушы, қазіргі уақытта "Милан" клубының ойыншысы Лука Модрич футболшы ретіндегі мансабын аяқтаған соң мадридтік "Реалға" оралуды жоспарлап отыр.
Defensa Central басылымының хабарлауынша, әйгілі футболшы жаттықтырушы лицензиясын алып, футболдағы жаңа бетін "корольдік клубтың" академияларының бірінде бастамақ.
Биылғы маусымда 39 жастағы Модрич "Милан" сапында барлық турнирде 7 матч өткізіп, бір гол және бір нәтижелі паспен көзге түсті. Ойыншының итальяндық клубпен келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін күшінде.