Лука Модрич "Реалдан" кететін болды

©Global Look Press

Мадридтік "Реалдың" хорватиялық жартылай қорғаушысы Лука Модрич маусым аяқталысымен командадан кетпек, деп хабарлайды AS басылымы. 

Оған команданың бас бапкері Карло Анчелотти көмекшісі болып, қызмет атқаруды ұсынған. Алайда Модрич әлі де алаңда доп теуіп, кемі бір маусым жоғары деңгейде өнер көрсеткісі келеді. 

Осыған дейін батыстық басылымдар жартылай қорғаушының "Реалдағы" ойын жүйесіне көңілі толмай жүргені жайлы жазған болатын. "Алтын доп" иегері осы маусымда негізгі құрамда көп ойнап жүрген жоқ. 20 ойынға қатысып, 4 нәтижелі пас берген. 

Лука Модрич "Реалда" 2012 жылдан бері ойнап келеді. Мадридтік командамен 24 рет ірі жарыстарда топ жарды. Олардың қатарында Чемпиондар лигасын 5 рет жеңіп алды. 2018 жылы "Алтын доп" иегері атанды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport