Футбол
17 шілде 10:46

Лука Модрич не үшін "Миланға" ауысқанын таратып айтты

©x.com/acmilan

Мадридтік "Реалдың" бұрынғы жартылай қорғаушысы Лука Модрич "Милан" клубына ауысуға не түрткі болғанын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

39 жастағы хорватиялық ойыншының айтуынша, басты себеп - жоғары деңгейде ойнауды жалғастырып, бәсекелестік рухты сезінуге деген ұмтылыс болған.

"Мен Еуропада ең жоғары деңгейде ойнағым келді. Бірнеше ұсыныс болды, бірақ "Милан" қызығушылық танытқан кезде мен үшін таңдау айқын болды.

Мені әсіресе спорт директоры Игли Таренің Хорватияға арнайы келіп, жобаны жеке түсіндіргені таңғалдырды. Бұл мен үшін өте маңызды болды. Осы арқылы клуб мені қаншалықты қалағанын көрсетті.

"Милан" - Еуропаның ең ірі клубтарының бірі. Мұнда орташа нәтижемен шектелуге болмайды. Мұнда мүмкіндігінше көп гол соғып, барынша көп титул жеңіп, әлемнің үздік командаларымен бәсекелесу керек. Сондықтан да мен осындамын", – деді Модрич клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Модрич 2012 жылдан бері "Реал" сапында ойнады. Бұған дейін ол ағылшындық "Тоттенхэм", хорватиялық "Интер" (Запрешич), "Динамо" (Загреб) және босниялық "Зриньски" клубтарында өнер көрсеткен. 2018 жылы хорватиялық "Алтын доп" иегері атанған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport