Лука Модрич карьерасына қатысты мәлімдеме жасады

13 желтоқсан 2022 09:13
©Football Espana

Хорватия құрамасы мен мадридтік "Реалдың" жартылай қорғаушысы Лука Модрич карьерасын қайда аяқтағысы келтінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Карьерамды "Реалда" аяқтағым келеді. Бұл менің арманым", - деп береді Модричтің сөзін El Chiringuito.

37 жастағы хорватиялықтың мадридтік клубпен қазіргі келісімшарты 2023 жылдың соңына дейін жасалған.

Қазіргі таңда Модрич Катардағы әлем чемпионатында Хорватия құрамасымен өнер көрсетуде. Бүгінгі жартылай финалда оның командасы Аргентинамен финалға жолдама үшін таласады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport