Хорватия құрамасының капитаны Лука Модрич Еуро-2020 турнирінде нәсілшілдікке қарсы акция барысында балқан командасының тізерлемейтінін мәлімдеді. Бұл туралы BBC арнасы хабарлады.
"Біз Еуропа чемпионатының мачтарында командамызбен ақылдаса келе тізерлемейміз деп шештік. Дегенмен, расизм мен футболдағы дискриминацияға қарсы екенімізді жеткізгім келеді. Нәсілшілдікпен күресудің басқа да жолдары бар. Сондықтан біздің жігіттер дәстүрге айналып бара жатқан үрдісті жалғастырмайды."
Еске салсақ, Хорватия ойыншылары D тобында Англия, Шотландия және Чехия құрамаларымен кездеседі. Алғашқы ойын ағылшындарға қарсы "Уэмбли" стадионында 13-ші маусымда өтпек.