Футбол
Бүгін 10:25

Лука Модрич ӘЧ-2026-дан кейін жаңа маусымда ойнайтын клубты таңдады

©Depositphotos/olegda88.gmail.com

Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич италиялық "Миланмен" келісімшартын тағы бір маусымға ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Журналист әрі инсайдер Джанлука Ди Марционың мәліметінше, тараптар 40 жастағы футболшымен 2026/2027 жылғы маусымның соңына дейін есептелген жаңа келісімшарттың соңғы шарттарын келісіп жатыр.

Модричтің "россонеримен" бұрынғы келісімі биылғы жазда аяқталған болатын. Дегенмен тәжірибелі жартылай қорғаушы өзі "Миланда" қалатынын және әзірге карьерасын аяқтауды жоспарламайтынын растаған.

Өткен маусымда "Милан" Италия чемпиондығы үшін күресте "Интерге" бәсекелестік көрсете алмады. Соған қарамастан клуб Еуропадағы ең атақты әрі ең табысты ұжымдардың бірі саналады. Оның еншісінде 45-тен астам ресми трофей бар. Оның ішінде УЕФА Чемпиондар лигасындағы жеті жеңіс және Италия чемпионатындағы 19 чемпиондық ерекше орын алады.

Лука Модрич "Милан" сапына 2025 жылдың жазында мадридтік "Реалдан" еркін агент ретінде ауысқан еді. Осы уақыт аралығында ол барлық турнирде 37 матч өткізіп, екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Ал Transfermarkt порталы футболшының нарықтық құнын 3,5 миллион еуро деп бағалап отыр.

Биылғы жазда Модрич Хорватия құрамасымен бірге 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысып, плей-офф кезеңіне дейін жетті. Алайда 1/16 финалда Португалияға 1:2 есебімен жол берді.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport