Луис Суарес Лионель Месси орнатқан рекордты бұзды

©Reuters

Уругвай құрамасының шабуылшысы Луис Суарес кеше Оңтүстік Америка құрлығының әлем чемпионатына іріктеу турнирінде голдар саны бойынша Лионель Мессидің нәтижесін жақсартты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Кеше 35 жастағы "Атлетико" командасының шабуылшысы Уругвай мен Чили (2:0) арасындағы кездесудің 62-минутында гол соқты. Бұл оның жалпы іріктеудегі 29-голы болды. 

Ал Месси болса Аргентина мен Чили (1:1) арасындағы кездесуде гол соқпады. Оның еншісінде қазір 28 гол бар. 

Жалпы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде ең көп гол соққан Карлос Руис. Гватемала құрамасы шабуылшысының еншісінде 39 гол. Екінші орында Криштиану Роналду (Португалия, 36 гол) болса, үздік үштікті Али Даеи (Иран, 35) түйіндеп тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport