Луис Суарес Криштиану Роналдудың рекордын бұзды

Сурет: Soccernews.ru

Мадридтік "Атлетико" шабуылшысы Луис Суарес Испания Премьерасының "Сельтаға" қарсы 22-ші тур матчінде дубль жасады. Кездесу Мадридтегі "Ванда Метрополитано" стадионында өтіп, 2:2 есебімен аяқталды.

Opta Jose мәліметінше, уругвайлық футболшы жаңа клуб үшін бірінші маусымындағы 17 матчте 16 гол салған. Осылайша, Суарес бірінші маусымында осынша гол салған XXI ғасырдағы бірінші ойыншы болып отыр. 16 гол үшін ол салыстырмалы түрде ең аз уақыт жұмсады. Мұның алдындағы жетістік Роналдуға тиесілі еді - мадридтік "Реал" үшін 2009/10 маусымында 17 матчте 15 гол. 

Еске салайық, Суарес "Барселонадан" кетіп, "Атлетикоға" 2020 жылы қыркүйекте еркін агент ретінде қосылды. Оның мадридтік клубпен келісімшарты 2022 жылға дейін есептелген.