Луис Суарес карьерасын Аргентинада жалғастыратын болды

©Reuters

"Атлетико Мадридтің" бұрынғы шабуылшысы Луис Суарес аргентиналық клубқа ауысады, деп хабарлайды Radio Mitrе басылымы.

Дереккөздің мәліметіне сенсек, 35 жастағы уругвайлық шабуылшы "Ривер Плейтпен" ортақ мәмілеге келген. Демалыс күндері футболшы келісімшартқа қол қою үшін Аргентинаға барады деп күтілуде. Осыдан кейін "Ривер Плейт" Суареске арнап таныстырылым рәсімін ұйымдастырады. Луис аргентиналық клубқа еркін агент ретінде ауысады, өйткені оның "Атлетикомен" келісімшарты аяқталды.

Бұған дейін шабуылшыға италиялық "Фиорентина" мен "Аталанта", сондай-ақ, "Астон Вилланың" қызығушылық танытып отырғаны хабарланған болатын.

Суарес өткен маусымда "Атлетико Мадрид" жейдесінде 45 ойынға қатысып, 13 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport