Луис Суарес "Барселонадан" қалай қуылғанын айтып берді

©

"Атлетико Мадрид" шабуылшысы Луис Суарес "Барселонаның" қазіргі жаттықтырушысы Рональд Куманның жат әрекеті туралы пікір білдірді. Естеріңізде болса, Куман "Барселонаның" бас бапкері болып тағайындалғаннан кейін Суарес командадан кеткен болатын.

"Ол мені 15 жасар ойыншы сияқты басқа алаңға жаттығуға жіберді. Бұл мені қатты ренжітті, мен үйге барып, оның мені құрметтемегенін ойлап, жыладым. Бірақ мен оған әрқашан құрмет көрсеттім.

Мен ештеңе болмағандай жүрдім және жаттығуымды жасап, кәсібилігімді сақтадым. Сондай-ақ, әртүрлі нұсқаларды қарай бастадым. Ал клуб президенті Бартомеу менің командаға зиян келтіретінімді айтты. Содан кейін Куман мені әңгімелесуге шақырды. Бұл өте ауыр жағдай болды", - деді Суарес Sport.es порталына берген сұхбатында.

"Атлетикоға" ауысқаннан кейін Суарес мадридтік клубпен бірге Испания чемпионатын жеңіп алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар