Футбол
Бүгін 10:39
 

Луис Энрике ПСЖ-ның Франция суперкубогіндегі сенсациялық жеңілісін түсіндірді

  Пікірлер

blog.share

Луис Энрике ПСЖ-ның Франция суперкубогіндегі сенсациялық жеңілісін түсіндірді ©Depositphotos/mrogowski_photography

"Пари Сен-Жерменнің" бас бапкері Луис Энрике Франция Суперкубогы үшін өткен матчта "Ланстан" сенсациялық жеңілісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

"Пари Сен-Жерменнің" бас бапкері Луис Энрике Франция Суперкубогы үшін өткен матчта "Ланстан" сенсациялық жеңілісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Ланста өтіп, 1:0 есебімен аяқталды. Жеңіс голын 32-минутта Флориан Товен соқты.

Командаға не жетіспеді?

"Шабуылды аяқтау. Менің ойымша, қарқын мен ойын барысындағы жағдайлар өте жақсы болды. Кездесу бойы көргендеріме, әсіресе бірінші таймдағы ойынға өте ризамын.

Бұған дейінгі өзара кездесулерімізбен салыстырғанда, өзге ойындармен салыстырғанда "Ланстың" біздің қақпаға жасаған қауіпті сәттері бұл матчта ең азы болды. Ойынға көңілім толды, бірақ нәтижеге көңілім толмайды - біз бұдан жоғарыға лайық едік.

Соған қарамастан, "Лансты" жеңісімен құттықтауым керек. Олар жеңіске жетті, жақсы ойнады және өздеріне тән жоғары қарқынмен әрекет етті. Бірақ мен алаңда көргенімді және команданың қалай ойнағанын ұнаттым", - деп береді бапкер сөзін Le Figaro басылымы.

Шындықты еске салу

"Мен біздің әдеттегі қозғалысымыздың арқасында қауіпті сәттер жасай алған команданы көрдім. Мұны көру маған ұнады.

Футбол - таңғажайып нәрсе (күлімсіреп). Бірінші таймда олар небәрі екі рет соққы жасады. Соның ішінде сәтсіз шыққан бір соққы кейін (Флориан) Товенге гнәтижелі пасқа айналды...

Олардың құрамы мықты, жақсы ойыншылары бар. Мұнда әрдайым қиын, ал трибунадағы атмосфера керемет болды. Біз ойын барысын бақылауда ұстадық.

Жеңілгеннен кейін де көңілім толуы мүмкін екеніне сену қиын... Бірақ маусымның осы кезеңі үшін ойын сапасы мен қарқынына, әсіресе команда көрсеткен интенсивтілікке шынымен көңілім толады", - деді Луис Энрике.

Еске салайық, "Ланс" клуб тарихында алғаш рет Франция Суперкубогын жеңіп алды.

Ал жаңа Лига 1 маусымының алғашқы турында "Ланс" 22 тамызда өз алаңында "Оссермен" ойнайды. ПСЖ болса 23 тамызда өз алаңында "Реннмен" кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!