Футбол
Бүгін 08:09

Луис Энрике "Алтын допты" кім алатынын айтты: ешкім күтпеген таңдау

©Depositphotos/mrogowski_photography

"Алтын доп" жүлдесін табыстау рәсімі жақындаған сайын оған үміткерлердің тізімі де кеңейіп келеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазірдің өзінде басты фавориттер қатарында Харри Кейн, Килиан Мбаппе, Лионель Месси, Хвича Кварацхелия, Усман Дембеле, Ламин Ямаль, Майкл Олисе және Эрлинг Холанд аталып жүр.

Ал ПСЖ бас бапкері Луис Энрике күтпеген жерден өзінің үміткерін атады. Испаниялық маман соңғы жаттығулардың бірінде Фабиан Руиске ерекше назар аударған.

Бұған Испания құрамасымен бірге жүлдеге ие болған футболшының команда орналасқан жеріне оралуына байланысты ұйымдастырылған дәстүрлі құрмет дәлізі себеп болды. Командадағы әріптестері Руисті Аргентина құрамасын финалда жеңіп, әлем чемпионы атанғаны үшін құттықтады.

Осы сәтті бақылап тұрған Луис Энрике жартылай қорғаушыны жылдың басты жеке жүлдесіне өз үміткері ретінде атады.

"Міне, "Алтын доп". Фабиан әлем чемпионатын жеңді, екі жыл бұрын Еуропа чемпионы атанды, Чемпиондар лигасын қатарынан екі рет жеңіп алды, Ұлттар лигасының чемпионы болды", – деп береді бапкердің сөзін Mundo Deportivo.

Руис клубы мен құрамасында қандай жетістіктерге жетті?

ПСЖ мен Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Фабиан Руис мансабында клубтық және халықаралық деңгейде қомақты жүлделер топтамасын жинады.

Испания құрамасы сапында футболшы 2026 жылы әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар 2024 жылғы Еуропа чемпионатында және УЕФА Ұлттар лигасында жеңіске жетті.

Руис "Пари Сен-Жермен" сапында да үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Париждік клубпен бірге ол Чемпиондар лигасын екі рет жеңіп, Франция чемпионы атанды, ел кубогы мен Суперкубогын иеленді. Бұдан бөлек, оның қоржынында УЕФА Суперкубогы мен ФИФА құрлықаралық кубогы бар.

Францияға ауысқанға дейін Руис "Наполи" сапында өнер көрсетіп, Италия кубогын жеңіп алған.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport