auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Лобанцев ерлік жасаса қарсы емеспін". Әлиев Конференция Лигасы жайлы

"Лобанцев ерлік жасаса қарсы емеспін". Әлиев Конференция Лигасы жайлы
©kazfootball

"Қызыл-Жар" бас бапкері Әли Әлиев Конференция лигасында Хорватияның "Осиек" клубына қарсы ойын алдында пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

- Біздің жанкүйерлер үшін кез-келген еурокубок маусымы нағыз мереке. "Қызыл-Жардың" Солтүстік Қазақстан облысының атынан аталмыш турнирге қатысып жатқанына қуаныштымын. "Осиекке" қарсы барымызды салатын боламыз. Біз жаттығулар мен чемпионатта ала алмайтын тәжірибені еурокубоктен аламыз. Сондықтан матч басынан соңына дейін жанымызды саламыз.

- Бұл сіздің бапкер ретіндегі алғашқы еурокубогіңіз. Ойын алдында толқу бар ма?

- Әрине, спорттық толқу деген болады. Халықаралық аренада бабыңды байқап, тәжірибе жинайсың. Өзіңе деген талабың артады.

- Жазғы маусымда командаға көптеген жаңа ойыншылар келді. Олар ертеңгі матчта алаңға шығуға дайын ба?

- Дайындығымызды жемісті өткізіп жатырмыз. Жаңа ойыншылар да аз уақыттың ішінде командаға тез сіңіп кетеді деген ойдамын. Ең бірінші кезекте – тәртіп. Содан кейін ойыншыларымыздың өзіне деген сенімі болу керек.

- Ертең Дарко Зорич алаңға шыға ма?

- Әзірге нақты шығады деп айта алмаймын. Ол "Қайсармен" өткен кездесуде жарақат алды. Медициналық тексерістің нәтижесі бүгін кешке дайын болады. Мүмкін болса уколмен ойнайды. Зорич команданың негізгі ойыншысы. Балқандық ойыншы балқандық клубқа қарсы алаңға шыққаны бізге де тиімді болар еді. Егер алаңға шыға алмаса, орнын басатын жігіттер жерге қаратпайды деген сенімдемін.

- Зоричтен басқа кімдерде жарақат бар?

- Шмидт маусым басында жарақат алған. Қалғандары сақадай сай.

- Келесі кезеңге өту үшін ертең сіздің командаңыз қандай есеппен ұту керек?

- Қазір дөп басып айта алмаймын. Ең бастысы жеңіске жетуіміз керек. Сонда өзімізге деген сенім артады. Маған десе қос матчта 0:0 есебі тіркеліп, пенальти сериясында Лобанцев алып шықса да жаман емес. Егер Лобанцев кезіндегі Шацкий секілді пенальти сериясында ерлік жасаса қарсы емеспін. Еурокубоктерге қатысып жатқан барлық қазақстандық клубқа сәттілік тілеймін.

Еске салайық, 21 шілдеде Петропавл қаласының намысын қорғайтын "Қызыл-Жар" елорда төріндегі "Астана Аренада" Конференция лигасы аясында Хорватияның вице-чемпионы "Осиекпен" кездеседі. Бұл Әлиев командасының кәрі құрлықтағы алғашқы ресми ойыны болмақ.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама