Қаңтар айының қорытындысы бойынша Фабиньо "Ливерпуль" ойыншыларының арасында үздік деп танылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Жылдың алғашқы айында Бразилия құрамасының жартылай қорғаушысы барлық алты матчта алаңға шығып, төрт гол соққан. Англия Кубогінде "Шрусберимен" өткен кездесуде дубль жасаса, ішкі чемпионатта "Брентфорд" пен "Кристал Пэлас" қақпаларына гол соқты.
Сауалнама нәтижесі бойынша клуб жанкүйерлері Фабиньоны үздік деп таныса, Диегу Жота екінші орын иеленді.