Англиялық "Ливерпуль" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші тур матчында сырт алаңда бельгиялық "Брюггені" ірі есеппен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бельгияда өткен кездесу алаң қонақтарының жеңісімен аяқталды - 3:0.
"Ливерпуль" сенімді жеңіске Александер Исактың нәтижелі ойынының арқасында жетті. Швециялық шабуылшы 13-минутта есеп ашты. Ал матч соңына қарай қонақтар басымдығын еселей түсті.
79-минутта Флориан Вирц мерсисайдтықтардың екінші голын соқса, арада төрт минут өткенде Исак дубль авторы атанып, кездесудің қорытынды есебін белгіледі.
Бұл матчтан кейін "Брюгге" тоғыз ұпаймен Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі кестесінде 13-орында тұр. Ал 12 ұпай жинаған "Ливерпуль" бесінші сатыға жайғасты.
Келесі турда "Брюгге" 8 желтоқсанда сырт алаңда "Наполимен" кездессе, "Ливерпуль" 9 желтоқсанда "Портумен" ойнайды.
Жарнама