Футбол
Кеше 09:40

"Ливерпульдің" АПЛ-дегі соңғы командамен матчінде сенсация болды

©

Англия чемпионатының 29-турында "Ливерпуль" сырт алаңда "Вулверхэмптоннан" жеңіліс тапты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Вулверхэмптон қаласындағы "Молине" стадионында өтті және алаң иелерінің сенсациялық жеңісімен аяқталды - 2:1.

Жеңімпаздар сапында Родригу Гомеш 78-минутта есеп ашса, Андре 90+4-минутта шешуші голды соқты. Ал "қызылдардың" құрамында Мохамед Салах 83-минутта мергендігімен көзге түсті.

Осылайша, "Ливерпуль" 48 ұпаймен Англия премьер-лигасының турнирлік кестесінде бесінші орында қалды. Ал 16 ұпай жинаған "Вулверхэмптон" қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізгенімен, турнир кестесінің соңғы, 20-сатысында тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport