Жарнама

Футбол
Бүгін 09:52
 

"Ливерпульден" кеткен Салахқа испаниялық гранд ұсыныс жасайды

  Пікірлер

blog.share

"Ливерпульден" кеткен Салахқа испаниялық гранд ұсыныс жасайды © instagram.com/egyptnt

Мадридтік "Атлетико" 34 жастағы мысырлық вингер Мохамед Салахтың трансферіне қатысты сұраныс жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Мадридтік "Атлетико" 34 жастағы мысырлық вингер Мохамед Салахтың трансферіне қатысты сұраныс жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Футболшы 2025/26 жылғы маусым аяқталысымен келісімшарты мерзімі бітуіне бір жыл қала тұра "Ливерпульден" кетіп, еркін агент атанды.

Келісімшарт шарттары және қаржылық мәселе

Fichajes.net мәліметінше, мадридтік клуб Салахқа "2+1" жүйесі бойынша келісімшарт ұсынбақ. Яғни, келісім 2028 жылдың маусымына дейін жасалып, ойын көрсеткішіне байланысты тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі қарастырылады.

Мысырлық ойыншыны трансферлік өтемақысыз алуға мүмкіндік туғандықтан, "Атлетико" негізгі қаржыны қол қою бонусына жұмсауға дайын.

Алайда басты кедергі – футболшының еңбекақыға қатысты талабы. Салах Англияда аптасына шамамен 400 мың фунт стерлинг алып отырған. Осы мәселеге байланысты бұған дейін Түркияның "Бешікташ" клубы келіссөздерден бас тартқан еді.

Мадридтік клуб Сауд Арабиясынан түсіп жатқан жоғары қаржылық ұсыныстармен бәсекелесе алмайды. Дегенмен, Салахты Еуропаның жоғары деңгейдегі футболында қалу мүмкіндігі арқылы қызықтыруға үміттеніп отыр.

Командадағы рөлі

"Атлетико" басшылығы Салахты командадан кеткен Антуан Гризманнның тікелей ізбасары ретінде қарастырып отыр.

Мысырлық шабуылшы "Ливерпуль" сапында 442 матчқа қатысып, 257 гол соққан.

Егер трансфер жүзеге асса, мадридтік клуб тәжірибелі сұрмергенді трансферлік өтемақысыз өз қатарына қосады. Бапкерлер штабы Салахты оң қапталда аргентиналық шабуылшы Хулиан Альвареспен бірге ойнатуды жоспарлап отыр.

Алайда бұл мәміленің жүзеге асуы үшін "Атлетико" алдымен бірнеше футболшымен қоштасып, Салахтың айлығын төмендетуге келісім беруін күтуі қажет.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!