Жарнама

Футбол
Бүгін 12:43
 

"Ливерпульден" кеткелі жүрген Салах та жарақат алып қалды

  Пікірлер

blog.share

"Ливерпульден" кеткелі жүрген Салах та жарақат алып қалды ©"Ливерпуль" ФК

"Ливерпуль" маусымның соңына дейін Мұхамед Салахқа сенім арта алмайды. Мысырлық вингер жарақатына байланысты саптан шықты, деп хабарлайды Vesti.kz

blog.share

"Ливерпуль" маусымның соңына дейін Мұхамед Салахқа сенім арта алмайды. Мысырлық вингер жарақатына байланысты саптан шықты, деп хабарлайды Vesti.kz

Салахтың жарақаты

33 жастағы футболшы жарақатты Англия Премьер-лигасының 34-туры аясында "Кристал Пэласқа" қарсы матчта (3:1) алған. Бұл туралы Мысыр ұлттық құрамасының директоры Ибрагим Хасан мәлімдеді.

Оның айтуынша, Салахтың тізе асты сіңіріне зақым келген. Қалпына келуіне шамамен төрт апта қажет.

Әлем чемпионатына үлгере ме?

Жарақатына қарамастан, Мысыр ұлттық құрамасы өкілдері көшбасшы ойыншыны әлем чемпионаты басталғанға дейін қатарға қосылады деп үміттенеді.

Топтық кезеңде Мысыр құрамасы Бельгия, Жаңа Зеландия және Иран ұлттық құрамасымен кездеседі. 

"Ливерпульдегі" соңғы кезең

Бұған дейін маусым аяқталған соң Мұхамед Салах "Ливерпульден" еркін агент ретінде кетеді деген ақпарат тараған. Осылайша, "Кристал Пэласқа" қарсы ойын оның мерсисайдтық клуб сапындағы соңғы матчы болуы мүмкін.

Салах "Ливерпуль" құрамында 2017 жылдан бері ойнап келеді, ол бұл клубқа "Ромадан" 42 миллион еуроға ауысқан.

Осы маусымда ол 39 матч өткізіп, 12 гол соғып, 9 нәтижелі пас берген. Transfermarkt дерегі бойынша, ойыншының нарықтық құны 30 миллион еуроға бағаланып отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!